Қазақстандық журналист қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық журналист Бердібай Кемал қайтыс болды.

Бердібай Кемал 1962 жылы 7 сәуірде Шалқар ауданында дүниеге келді. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін Алға аудандық "Жұлдыз" - "Звезда" газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, редактор, "Егемен Қазақстан" газетінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарды.

"Келіспеген кесте: Сатиралық әңгімелер", "Қайран жылытпа" еңбектерінің авторы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы