25 Қазан 2025 2025, 21:30
Фото: olympic.kz/Сали Сабиров
Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер Азиадасында топ жарды
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан мәліметке сәйкес, Екатерина Михайленко ұзындыққа секіруден 5.74 метр нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Маргарита Косинова 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 01:01.36 уақыт көрсеткішпен мәреге екінші болып жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Вероника Елисеева балға лақтыру сайысында үшінші нәтиже көрсеткен еді.