Қазақстандық желаяқтар Гиннестің рекордтар кітабына енді
Осыдан бір ай бұрын Астанадан шыққан бір топ желаяқ Ақтауға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Nomad Run» жобасына қатысқан 33 жас пен 55 жас аралығындағы желаяқтар 8 мыңға жуық шақырымды еңсерді.
Ұзақ қашықтықты жаяу бағындырғандар Қазақстанның «Гиннестер кітабына» енді.
Спортшылар Ақтауда тынығып алғаннан кейін Мекке қаласына дейін жүгіріп бармақшы.
Өзім қарапайым күзетші болып жұмыс істеймін. Елімізде алғаш ұйымдастырылып отырған «Nomad run» - ұлттық идеологиялық жобасы Астана-Ақтау бағытында 7 мың 500 шақырымды 1 айда жүгіріп өту. Күтіп алып жатқан ақтаулық ағайынға алғысымыз шексіз. Еліміз көркейіп, дами берсін,- ультрамарафонға қатысушы Медғат Теміржан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы