Қазақстандық жастар шахмат әлемінің жұлдызын жеңді

Қазақстандық жас шахматшылар 18 жасқа дейінгі 20 шахматшымен бір мезгілде ойын сеансын өткізген шахматтан әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Даниил Дубовты жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірнеше партияның нәтижесі көпшілікті таңғалдырды. 10 жасар Ахмет Сүлейман (1 разряд), 11 жасар Владимир Савитский (1 разряд) және 14 жасар Мансур Хасенов (1524 рейтинг) гроссмейстерді қара фигурамен жеңді.

Айта кететіні, ойынға шахматтан тек 2-разрядтан жоғары шахматшылар қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша Даниил Дубов қатысушылардың дайындық деңгейлерінің жоғары екендігін және қатысушылардың көпшілігі лайықты қарсылас болғанын атап өтті.

Шахмат жұлдызының сөзінше, бұл олардың құрған комбинацияларынан, түрлі тактикаларды қолдануларынан көрініп тұрды.

Айта кетейік, сеанс кезінде Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Әнуар Сайденов Даниил Дубовке Қазақстан монета сарайында дайындалған сыйлықты табыстады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Өзгелердің жаңалығы