3 Қыркүйек 2024 2024, 07:15 Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жасөспірім теннисші US Open-нің келесі айналымына өтті

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында бастапқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында бастапқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандықтардан WTA рейтингісінде 779-орында тұрған Соня Жиенбаева ғана жеңіске жетті.

Соня алғашқы айналымда әйелдер рейтингісінде 1330-орындағы норвегиялық Эмили Сартс-Лундемен (№ 29 ITF Juniors) сынға түсті.

Қазақстандық жас теннисші қарсыласын 7:6 (7:5), 6:3 есебімен қапы қалдырды. Бәсеке бір сағат 25 минутқа созылды.

Жарыстың 14-ракеткасы болып тіркелген Жиенбаева үшінші айналымға өту үшін америкалық Аланис Хэмилтонмен шеберлік байқастырады.

Асылжан Арыстанбекова чехиялық Елиска Тишаковамен ойында бірінші партияда 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады – 6:7 (5:7), 1:6.

Бозбалалар арасында доданы іріктеу сайыстарынан бастаған Даниал Рахматуллаев алғашқы айналымда швейцариялық Флинн Томастан өте алмады – 6:7 (4:7), 2:6.

Қазақстанның басты үміті, ATP рейтингісінде 1033-сатыдағы Әмір Омарханов үшін биылғы US Open сәтсіз болды. Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген Омарханов бразилиялық Луис Гуто Мигельге жол берді – 6:7 (3:7), 3:6.