Қазақстандық жас триатлоншылар Азия чемпионатында алтын мен күміс жеңіп алды
5-6 желтоқсан күндері Сауд Арабиясының Джидда қаласында U17 және U15 жас санаттары бойынша триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық жарысқа 21 елден 114 спортшы қатысып, бәсекелестік жоғары болды. Еліміздің жас триатлоншылары аталған сайыстан алтын мен күміс жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық триатлон федерациясының мәліметінше, еліміздің құрамасынан 7 жас спортшы сынға түсті:
• Нұрмұхамет Алуа;
• Шнейдер Калерия;
• Аида Ким;
• Шевченко Арсений;
• Мұрат Әлхам;
• Шевнин Матвей;
• Сейтбек Ералы.
Жарыс нәтижелері:
U15 қыздар санаты
1-орын – Нұрмұхамет Алуа – 29:19;
2-орын – Шнейдер Калерия – 29:22.
Youth Women
9-орын – Аида Ким – 30:52
U15 ерлер санаты
9-орын – Сейтбек Ералы – 28:25
Youth Men
4-орын – Шевченко Арсений – 26:57;
5-орын – Мұрат Әлхам – 27:02;
7-орын – Шевнин Матвей – 27:09.
Қазақстандық жас триатлоншылар Джидда төрінде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Алтын мен күміс жүлде еліміздің триатлон спортындағы өсіп келе жатқан әлеуетін тағы бір дәлелдеді.
Қазақстан триатлон федерациясы спортшылар мен бапкерлер құрамын құттықтап, алдағы жарыстарда да сәттілік тіледі.