Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингте 36 саты жоғарылады
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина 4-орынға тұрақтаса, Юлия Путинцева 79-дан 78-ге көтерілді.
18 жастағы Аружан Сағындықова рейтингте күрт жоғарылап келеді. Ол бұл жолы 871-ден бірден 36 сатыны аттап өтіп, 835-ке шықты.
Жұптық сында Анна Данилина 28-ден 29-ға төмендесе, Жібек Құламбаева 178-ден 176-ға ауысты.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде пәлендей өзгеріс жоқ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-орнында қалды. Тимофей Скатов 128-ден 129-ға түсті. Михаил Кукушкин 243-тен 242-ге көтерілсе, Бейбіт Жұқаев 260-тан 263-ке, Денис Евсеев 270-тен 271-ге, Дмитрий Попко 380-нен 381-ге, Григорий Ломакин 1057-ден 1060-қа сырғыды.
Жұптық сында Александр Недовесов 45-інші, Андрей Голубев 73-орнынан жылжыған жоқ.