Қазақстандық жас ғалымдардың I Конгресі өтті
Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастыруымен«Жас Сәтбаевшылар» атты I Қазақстан жас ғалымдарының Конгресі өтті.
Бұл Конгресс көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Іс-шараға Қазақстанның 1000-нан аса жас ғалымдары, сондай-ақ шет мемлекеттерде табысты қызмет етіп жүрген қазақстандық жас зерттеушілер өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, елдегі ғылымның өзекті мәселелерін талқылады.
Конгресте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау сөзі оқылды:
Жас ғалымдардың I конгресінің ашылуы – қоғамда білім мен ғылым культін қалыптастырып, оны барынша орнықтыруға ықпал ететін маңызды бастама. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев ғалымдарды қолдауға айрықша мән береді. Елімізде дарынды әрі еңбекқор жастардың сапалы білім алып, ғылымменшұғылдануына барлық жағдай жасалған. Бүгінгі басқосу – соның айқын дәлелі, - делінген құттықтауда.