1 Қыркүйек 2026, 08:25 Фото: olympic.kz

Қазақстандық Жания Бекмұхамбетова Словениядағы үстел теннисі турнирінде жеңімпаз атанды

Финалдық кездесуде Жания сингапурлық Хуан Кристалды 3:1 есебімен басып озып, жарыстың алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстандық жас спортшы Жания Бекмұхамбетова Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы үстел теннисі турнирінде алтын медаль иеленді. Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында үздік нәтиже көрсетті.

Турнир барысында Жания Бекмұхамбетова бірнеше қарсыласын қатарынан жеңіп, жарыстың финалына дейін жетті.

Қазақстандық спортшы алдымен словениялық Эма Калужаны 3:0 есебімен ұтты. Кейін үндістандық Каавья Саринді, сингапурлық Линь Цзяцзюньді, хорватиялық Стелла Пресецкиді, Ника Грегурецті және Петра Липовшчакты дәл осындай 3:0 есебімен жеңді.

Финалдық кездесуде Жания сингапурлық Хуан Кристалды 3:1 есебімен басып озып, жарыстың алтын медалін жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл Жания Бекмұхамбетованың халықаралық жарыстардағы алғашқы жүлдесі емес. Бұған дейін қазақстандық спортшы Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде екінші орын алған болатын.

Осылайша, Жания Бекмұхамбетова Словениядағы жеңісімен Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы үстел теннисіндегі нәтижесін тағы бір мәрте көрсетті.