Қазақстандық зейнеткер Парижге велосипедпен аттанды

Велосипедші Раббим Борашев Парижге аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24KZ-тің жазуы бойынша, Бейнеу ауылының зейнеткері Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына жанкүйер болуға бел буған. Ақтаудан Бакуге ұшақпен ұшып келген ол сол жерде велосипедке ауысып, жолға шыққан. Қазір зейнеткер Стамбул, Будапешт, Вена және Мюнхен арқылы өтетін жолмен Тбилиси – Батуми тас жолы бойымен қозғалуда. Жоспар бойынша кем дегенде бес мың шақырымды бағындыру көзделген.

Айта кетейік, Раббим Борашев – құрылыс саласының ардагері. Және бұл оның алғашқы ұзақ қашықтыққа велошеруі емес. Бұрын ол Алтайға дейін жеткен.

Олимпиадаға бару – менің арманым. Соңғы жылдары мен велоспортқа қызыға бастадым, тіпті бірнеше жарыстарға қатыстым. Енді үлкен жоспарларым бар. Мен жеті мемлекеттің аумағын кесіп өтпекшімін. Маусым айында Түркияға кетемін, – дейді велошабандоз Раббим Борашев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы