9 Қараша 2026, 22:53
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандық волонтерлер Гонконгтегі халықаралық жобаға қатысты
Іс-шаралардың басым бөлігі Кат-О (Kat O) ауылында ұйымдастырылды.
Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісінің өкілдері Гонконгте өткен Hong Kong Bootcamp 2026: Roots and Routes – Art Festival and Village Community халықаралық жобасына қатысты.
Іс-шаралардың басым бөлігі Кат-О (Kat O) ауылында ұйымдастырылды. Қатысушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп өнер фестивалін өткізіп, қоғамдық және экологиялық бастамаларға атсалысты.
Бағдарлама аясында волонтерлер табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қалпына келтіру бағытындағы жергілікті тәжірибемен танысты.
Жоба әр елден келген еріктілерге тәжірибе алмасуға, жергілікті халықтың мәдениеті мен дәстүрін тануға және халықаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.