Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында үздік атанды

Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер мен әйелдер арасындағы командалық сында (микс) отандастарымыз үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазақстан құрама сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Куьзмина өнер көрсетті.

Бұл күндері Районгта сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Әсіресе, тас жолдағы жекелей жарыста 1-ші және 2-ші орын алған спортшылар тікелей Олимпия ойындарының жолдамасына иелік етеді. Чемпионат 13 маусымда мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы