27 Маусым 2026, 20:17
Фото: olympic.kz
Қазақстандық велошабандоз Өзбекстандағы Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді
Қазақстан құрамасының өкілі Өзбекстанда өткен маунтинбайктан Азия чемпионатында екінші орын алып, ел қоржынына күміс медаль салды.
Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының өкілі Денис Сергиенко Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы XCO дисциплинасында екінші нәтиже көрсетті. Сергиенко мәреге 01:24:47 нәтижесімен жетті.
Алтын жүлдені Жапония өкілі Рики Китабаяси жеңіп алды. Үздік үштікті Қытай спортшысы Юань Цзиньвэй түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Ли жастар санатында екі қола медаль иеленген еді. Ол XCO және XCC дисциплиналарында үздік үштікке енді.
- Илон Маск пен Сэм Альтман ең қуатты жасанды интеллект жүйелерін дамыту қарқынын бәсеңдетуге шақыруды қолдады 09:20
- «Таза жағалау» акциясы: 586 гектар жер қоқыстан тазартылды 08:54
- Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады 08:33
- Отбасы күні: Қазақстанда отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі? 08:29
- Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды 08:18
- Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады 08:02
- Anthropic басшысы жасанды интеллектінің дамуын бәсеңдетуге шақырды 07:49