Қазақстандық үш теннисші халықаралық рейтингіде көш бастап тұр
Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтайды. Үздік ондыққа сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-орын), астаналық Ариана Гогулина (8-орын) кірді.
Ал 16 жасқа дейінгілер арасында алматылық Сафина Сафиуллина мен елордалық Темірлан Кәрім көш бастап келеді. Қыздардан алматылық Данайя Аманғажиева алтыншы, Полина Слепцова жетінші, Айя Нұпбай оныншы орынға жайғасты. Бозбалалардан астаналық Вячеслав Куфельд үшінші, алматылық Тихон Сорокин сегізінші орында тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында қант зауыты салынады
Келесі жаңалық
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Өзгелердің жаңалығы