Қазақстандық туристер мінген катер Пхукет жағалауында суға батты
Пхукет жағалауында туристік катер мен балық аулау кемесі соқтығысты. Катер бортында шетелдік туристер, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, катер жолаушыларының арасында 8 қазақстандық болған.
Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 3 азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп жатыр, – деп хабарлады СІМ.
Сондай-ақ соқтығысудан кейін кеме ауыр зақымданып, суға батқаны атап өтілді. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қызылордада Инклюзивті спорт орталығы ашылды
Өзгелердің жаңалығы