Қазақстандық түлектер көбіне қай пәндерді таңдап жүр?
Мектеп бітіруші түлектер арасында ең жиі таңдалатын пәндер белгілі болды.
Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қалалық филиалының басшысы Жұмабике Сұлтанова ҰБТ-ның аралық нәтижелері туралы айтты. Оның сөзінше, Қазақстан бойынша бірнеше жыл қатарынан ең көп таңдалған пәндердің математика-физика.
Оны түлектердің 17,9 пайызы таңдаған. Бұл талапкерлердің инженер, құрылысшы, энергетиктер, мұғалімдер және техникалық мамандықтарға ұмтылысын көрсетеді, - дейді Жұмабике Сұлтанова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында.
Танымалдығы бойынша келесі пәндер ол – химия-биология.
Бұл пәндерді тест тапсырушылардың 14,5 пайызы таңдаған. Одан кейін шығармашылық бағытқа қызығушылық көп. Түлектердің 12,4 пайызы шығармашылық бағытты таңдаған, - дейді Жұмабике Сұлтанова.
Еске салайық, негізгі ҰБТ басталғалы бері 41 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде:
- талапкерлердің 57%-ы шекті балл жинады;
- орташа балл – 58 балл (бес пән бойынша);
- ең жоғары балл – 138 балл;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар 134 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 86 адамның нәтижесі жойылды. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 46 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 40 адам шығарылды;
Негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін өтеді.
- Бірінші Құрылтайға кімдер барады? 545 кандидаттың портреті 09:32
- Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты: Полиция тергеу бастады 09:14
- Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды 08:56
- Қазақстанда жаңа өнім астығының түсімі төрт есеге жуық артты 08:40
- Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында екінші орын алды 08:22
- Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:10
- Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді 07:51