Бүгiн 2026, 10:49 Фото: pixabay.com

Қазақстандық триатлоншылар Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Азия чемпионатындағы бәсеке әлі жалғасуда, алда эстафеталық сайыстар өтеді.

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар ел қоржынына екі алтын медаль салды.

ҚР ҰОК мәліметінше, U17 жас санатында Рамазан Айнегов чемпион атанды. Ол суперспринт бағдарламасында 25 минут 49 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті.

Қазақстанға екінші алтын медальді Ясмина Бузуртанова сыйлады. 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста ол 30 минут 56 секунд көрсеткішпен жеңіске жетті.

14 маусымда құрлық біріншілігінде эстафеталық жарыстардың жүлделері сарапқа салынады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық триатлоншылар биыл халықаралық жарыстарда да табысты өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.