15 Ақпан 2023 2023, 12:48 Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисшілер ширек финалда

Қазақстандық теннисшілер ширек финалға шықты деп, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандық теннисшілер ширек финалға шықты деп, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов Аргентинада өтіп жатқан АТР-250 турнирінің ширек финалында өнер көрсетеді.  1/8 финал матчында қазақстандық жұп австриялық Александр Эрлер - Лукас Мидлер дуэтіне қарсы ойнап, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 11 минутқа созылған ойында отандастарымыз 6 эйс жасап, 2 қосарланған қателікке жол берді.

Ал, Францияда өтіп жатқан Шербур челленджер жарысының іріктеу сайыстарынан Денис Евсеев сәтті өтті. Әлемнің 307-ракеткасы Денис алдымен франциялық Константин Биттунды 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. 

Іріктеу сайыстарының финалында Евсеев тағы бір отандасымыз, рейтингте 312-орында тұрған Бейбіт Жұқаевпен сайысқа түсті. Нәтижесінде  Евсеев 6:7 (4:7), 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Әсел Әбілбек