Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов АҚШ-та топырақ төсенішінде өтіп жатқан Хьюстон ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық жұп екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында А.Голубев пен А.Недовесов 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Швециялық-жапониялық жұп 2 эйспен ғана көзге түсті.

Қазақстандық теннисшілердің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inform.kz
Өзгелердің жаңалығы