Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінің жартылай финалында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты.
Ұлыбританияның ашық чемпионтаның 17-ракеткасы деп танылған Елена Рыбакина ширек финалда автралиялық теннисші Айла Томляновичпен кездесті. Айла дүниежүзілік тізімде 44-орында тұрған спортшы.
Кездесу нәтижесі мынадай:
Бірінші партияда Айла Томлянович Елена Рыбакинаны 6:4 есебімен жеңді.
Екінші ойында Елена қарсыласын 6:2 есебімен жеңді.
Үшінші партияда да қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.
Осылайша Е.Рыбакина карьерасында алғаш рет Уимблдонның жартылай финалына жолдама алды. Енді ол әлемнің 18-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен ойнайды.
23 жастағы Елена Рыбакина Мәскеу қаласының тумасы. Ол 2018-жылдан бері әлемдік жарыстарға Қазақстан атынан қатысып келеді. Айта кетейік, Қазақстан теннисшілері мұндай жетістікке алғаш рет қол жеткізіп отыр.