Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыстың 1-ракеткалары Г.Ломакин мен ресейлік Евгений Филиппов финалда италиялық Томассо Компануччи – сербиялық Виктор Йовичпен бас жүлде үшін сынға түсті.
Италиялық-сербиялық дуэттің доданың 2-ракеткалары болып тіркелгеніне қарамастан, ойын тағдыры екі сетте шешілді.
Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, 25 жастағы қазақстандық теннисші аталмыш турнирде жұптық сында үздік шықты. Соның нәтижесінде Г.Ломакин ATP Live жұптық рейтингісінде 321-ден 316-сатыға көтеріліп тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚҚС үшін төлемдер енгізу туралы ақпарат жалған
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы