21 Наурыз 2024 2024, 21:18 Фото: prosports.kz

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексикадағы Челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексикадағы Челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Дмитрий 1/8 финалда америкалық Алекс Рыбаковқа қарсы шығуы керек еді, бірақ АҚШ теннисшісі турнирден бас тартты.

Келесі кезеңде Попко Тристан Бойер (АҚШ) - Родриго Пачеко (Мексика) жұбының жеңімпазымен ойнайды.