Қазақстандық теннисші Испанияда турнир чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Малага челленджер турнирінің чемпионы атанды.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстандық теннисші жұптық сында түркиялық Алтуг Челикбилекпен, ал Израиль өкілі Даниэль Чукерман — эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлде үшін таласты. Айта кетейік, финалдағы жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асады.

Дмитрий Попко үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл оның жұптық сында челленджер жарыстағы алғашқы титулы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы