Қазақстандық теннисші Испанияда турнир чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Малага челленджер турнирінің чемпионы атанды.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Қазақстандық теннисші жұптық сында түркиялық Алтуг Челикбилекпен, ал Израиль өкілі Даниэль Чукерман — эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлде үшін таласты. Айта кетейік, финалдағы жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асады.
Дмитрий Попко үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл оның жұптық сында челленджер жарыстағы алғашқы титулы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы