Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің финалына өтті
Әлемнің 44-ракеткасы қазақстандық Александр Бублик әлем рейтингісінде 284-орын алатын швейцариялық Стэн Вавринканы Франциядағы турнирдің жартылай финалында жеңді деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның теннис федерациясының мәліметінше, Швейцариялық жарақат салдарынан үш ойыннан кейін ойынды тоқтатқан.
ATP 250 сериясындағы турнирдің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Италиядан келген Лоренцо Сонегомен ойнайды.
Айта кетейік, бұл уақытта Тимофей Скатов Брагадағы (Португалия) "Челленджер" сериясындағы турнирдің финалына шыға алмады. Жартылай финалда қазақстандық америкалық Морено Де Алборонусодан жеңіліп қалды 6:3, 5:7, 2:6.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы