Қазақстандық теннисші әлемнің екінші ракеткасын жеңді

Теннисші Юлия Путинцева Цинцинаттиде (АҚШ) өтіп жатқан жарыста әлемнің екінші ракеткасы Кори Гауффты жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ msports.kz сілтеме жасап.

1 сағат 54 минутқа созылған ойында Юлия 6:4, 2:6 және 6:4 есебімен жеңіске жетті. Үшінші кезеңде қазақстандық теннисші испан қызы Пауло Бадосамен кездеседі. Ол WTA рейтингінде 36-орында тұрған теннисші.

Бұл Юлияның екі ай ішіндегі екінші ірі жеңісі. Уимблдонда ол әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтып кеткен еді.

Айта кетейік, Цинцинаттидегі жарысқа Елена Рыбакина да тіркелген еді. Ол бірінші ойында канадалық теннисші Лейла Фернандестен жеңіліп қалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы