Қазақстандық теннисші Аделаидадағы ATP 250 турнирінің іріктеу финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 сериясындағы турнирде сәтті өнер көрсетуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Қазақстанның екінші ракеткасы, ATP рейтингінде 106-орында тұрған Шевченко әлемдік рейтингте 98-сатыдағы испаниялық Карлос Табернерді сенімді түрде жеңді. Кездесу екі сетте аяқталды — 6:3, 6:2. Матч 1 сағат 10 минутқа созылды.
Осылайша қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінің финалына жолдама алып, турнирдің негізгі торына шығуға бір қадам қалды.
Іріктеудің шешуші матчында Александр Шевченко австриялық Филипп Мисолич пен Солтүстік Македония өкілі Даниэль Явановский арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойында жеңіске жеткен теннисші Аделаидадағы ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы