Қазақстандық театр әртістері Кореяда өнер көрсетті

Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының 11 әртісі жыл сайын Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өтетін Тано фестиваліне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Корей мәдени дәстүрлерінің ішіндегі ең көне әрі ең ірі саналатын фестивальде отандық әртістер концерт қойды. Көрерменді Қазақстанның заманауи мәдениетімен таныстырды. Тано фестивалі 2005 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұра тізіміне енген. Фестивалді көп көрермен қызыға тамашалайды. Аталмыш іс-шарада қазақстандық труппа шеруге қатысып, ұлттық киімде Қазақстан туын мақтанышпен көтеріп өтті. 

Айта кетейік, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының ұжымы Кореяда алғаш рет өнер көрсетіп, спектакльдер мен концерттер қойды. Көрерменге осылайша Қазақстанды жан-жақты таныстырды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы