Қазақстандық таеквондошылар Қытайда алтын үшін айқасқа түседі

24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Аталған байрақты додада әлем үздіктері жиналып, кім мықтыны анықтайды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының өкілдері де жүлдеден дәмелі.

Биыл Уси (Қытай) қаласында өтетін әлем біріншілігі ең ауқымды дода болмақ. Себебі 179 елден және жеке бейтарап спортшылар (AIN), Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы мен босқындар командасын (TRT) қоса алғанда 991 таеквондошы бақ сынайды. Бұл көрсеткіш 2017 жылы Муджуда өткен әлем біріншілігінде тіркелген нәтижеден асып түсті.

Қытайда әлем чемпионаты осымен екінші мәрте өткелі жатыр. Бұған дейін 2007 жылы Бейжіңде ұйымдастырылған болатын. Содан бері Уси қаласы беделді Grand Slam Champions сериясымен танылып, таеквондоның халықаралық орталығына айналды.

Жарысқа қатысушылар 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі (ерлер - 8, әйелдер - 8). Қазақстан ұлттық құрамасының сапында кімдер өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы