20 Тамыз 2026, 22:51 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанда екі алтын, үш қола иеленді

Биыл Лахордағы додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысты.

Пәкістанның Лахор қаласында өткен таеквондодан G-3 санатындағы дәстүрлі World Taekwondo Президенті кубогында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Назым Махмутова -73 кг салмақ дәрежесінде жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ох Сенгюді 2:0 есебімен жеңді. Финалда Сауд Арабиясының спортшысы Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

Ал Батырхан Төлеуғали -87 кг салмақта топ жарды. Ол финалда Өзбекстан спортшысы Ёдгорбек Джурабоевты жеңіп, турнир чемпионы атанды. Қазақстандық таеквондошы жарыс барысында Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан өкілдерінен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Президент кубогын 2 алтын және 3 қола медальмен аяқтады.

Биыл Лахордағы додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысты.