7 Шілде 2025 2025, 14:11 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық таеквондошылар Кореядағы жарысқа қатысады

Ауқымды халықаралық турнирде ел намысын сегіз спортшы қорғайды

Таеквондодан Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысатын Қазақстанның құрамасы жарияланды.

Ауқымды халықаралық турнирде ел намысын сегіз спортшы қорғайды:

- Бекасыл Ергеш

- Альмира Қанат

- Аяулым Асқар

- Аида Тәукенова

- Камила Аймұқашева

- Әбдірахман Марипов

- Мерген Ғаниев

- Нұрбек Ғазез

Айта кетейік, жарыстар 7-9 шілде аралығында өтеді.