Бүгiн 2026, 06:12
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстандық таеквондошылар Болгариядағы турнирде бес алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Қазақстан құрамасы таеквондодан Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде 11 медаль еншіледі. Байрақты бәсеке Болгария астанасы София қаласында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Алтын медаль иегерлері:
- Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін);
- Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін);
- Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін);
- Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін);
- Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін).
87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қола жүлдегерлер:
- Айдана Құмартаева (46 келіге дейін);
- Жанель Сұлтанғалиева (46 келіге дейін);
- Нодира Ахмедова (49 келіге дейін);
- Жазира Иссина (57 келіге дейін);
- Батырхан Кусетов (80 келіге дейін).
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Ресей құрамасы иеленсе, үздік үштікті Иордания түйіндеді.