3 Қазан 2026, 09:44 Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Азия ойындарының ширек финалына шықты

68 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы Вьетнам өкілін жеңді.

Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды.

68 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Қазақстан өкілі Вьетнам спортшысы Ле Туанмен кездесті. Абабакиров қарсыласын раундтар қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңді.

Ширек финалда қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Мун Джинхомен кездеседі.