11 Қазан 2026, 19:14
Фото: istockphoto.com
Қазақстандық таеквондошы Париждегі Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды
Мария Севостьянова Париждегі жарыстың жартылай финалында жеңіліп, қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Севостьянова Парижде таеквондодан өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Севостьянова жартылай финалға дейін Тайбэй өкілі Вэй Чунь Линьді, венгриялық Лука Патакфалвиді және өзбекстандық Мадина Марабзолованы жеңген.
Алайда жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі, қазіргі әлем чемпионы Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.