29 Қыркүйек 2026, 08:37 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық стенд атушылар Азиадада қола жүлде иеленді

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы стенд атудан қола медаль жеңіп алды.

Трап бағдарламасының ерлер арасындағы командалық сайысында Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почивалов 348 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы:

  • Кувейт – 355 ұпай
  • Қатар – 349 ұпай
  • Қазақстан – 348 ұпай

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы жарысқа қатысып жатыр. Олар спорттың 35 түрінен жүлдеге таласады.