5 Наурыз 2023 2023, 09:36

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Азия чемпионатында 3 қола медаль жеңіп алды

Кадеттер арасындағы Азия чемпионатының командалық жарысының бірінші күнінде үш қазақстандық спортшылар қола жүлдені жеңіп алды.

Кадеттер арасындағы Азия чемпионатының командалық жарысының бірінші күнінде үш қазақстандық спортшылар қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

София Ақтаева, Надежда Шустова, Алина Искандерова және Алуа Мұқановадан құралған әйелдер құрамасы Сауд Арабиясының командасын жеңіп, 1/4 финалда Тайпей командасынан басым түсті.

Проходов Кирилл, Әбжанов Нұржан, Балтабай Нұрмұхаммед, Уәлихан Нариман ерлер арасында 1/4 финалда Сингапур құрамасын 45/39 есебімен жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді.

Құрамында Жайлыбай Нұрмұхаммед, Станбек Сұлтан, Тілеуленов Алан және Филиппов Матвей бар қылышшылар 8-ге кіргені үшін Жапония құрамасын, ал төрттікке енгені үшін Өзбекстан өкілдерін 45/37 есебімен ұтты.