Қазақстандық спортшылар мас-рестлингтен екі қолда жүлде иеленді
Бүгін саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен медальдарды сарапқа салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық екі спортшы қолда жүлдеге ие болды.
Мас-рестлингтен ерлер арасында 65 келі салмақ дәрежесінде Бірімжан Асылмұрат үшінші орынға таласты монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен кездесіп, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Асылмұрат V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолда жүлдесін қанжығалады.
Одан бөлек, әйелдер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде отандық спортшы Тахмина Қожамбердиева үшінші орынға таласта Мажарстаннан келген қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Тахмина Қожамбердиева Қазақстан қоржынына мас-рестлингтен екінші медаль салып отыр. Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мас-рестлингтен 31 мемлекеттен 98 спортшы бағын сынап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер болып, ұстаз білікті болмаса бәрі бекер – проректор
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы