Қазақстандық спортшылар курашты 13 жүлдемен қортындылады
Көшпенділер ойындары аясында өзбек халқының ұлттық спорты кураштан 2 жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қорытындысы бойынша қазақстандық 7 балуан медаль иегері атанды.
Кураштан қазақстандық 7 спортшы жартылай финалға жолдама алып, оның 4 ақтық сынға жолдама алды. Өкінішке қарай, екінші жарыс күні отандық спортшыларға алтын бұйырмады. Осылайша, қазақстандық балуандар 4 күміс, 3 қола жүлде иеленді.
1. Марат Нигматуллаев – қола жүлде (ерлер арасында 60 келі)
2. Ернұр Сүлейменов – күміс жүлде (ерлер арасында 60 келі)
3. Айбек Қазақбаев – күміс жүлде (ерлер арасында 66 келі)
4. Толғанай Абеуова – күміс жүлде (әйелдер арасында 57 келі)
5. Алтынай Нұрханова – қола жүлде (әйелдер арасында 57 келі)
6. Нұрдін Шаймерден – күміс жүлде (ерлер арасында 73 келі)
7. Әділет Ахметғали – қола жүлде (ерлер арасында 73 келі)
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы