Қазақстандық спортшылар бір апта бойы қандай жарыстарға қатысады

Туризм және спорт министрлігі осы аптада қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстардың кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

22-30 қараша – Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир. Қазақстанның 2 спортшысы сынға түседі.
Өтетін орны: Колумбия, Кали қаласы.

22-30 қараша – Үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты. Жаһандық додада ел намысын Алан Құрманғалиев қорғайды.

Өтетін орны: Швеция, Хельсинборг қаласы.

24-26 қараша – Қазақ күресінен Әлем кубогі. Жарысқа әлемнің 9 елінен 100-ге жуық палуан қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 40 спортшы белдеседі.
Өтетін орны: Түркістан облысы.

25 қараша – Баскетболдан Азия кубогінің іріктеу турнирі. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Үндістан баскетболшыларымен ойнайды.

Өтетін орны: Үндістан, Ченнаи қаласы.

28-30 қараша – Қазақ күресінен республикалық турнир. Турнирге еліміздің барлық өңірінен 200 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Семей қаласы.

28 қараша мен 1 желтоқсан – Белбеу күресінен ҚР кубогі. Жарыста 18 өңірден 270 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Атырау қаласы.

29 қараша мен 11 желтоқсан – Бокстан Азия чемпионаты. Сары құрлық додасында ұлттық құраманың 13 боксшысы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Таиланд, Чиангмай қаласы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы