Қазақстандық спортшылар әлем кубогын иеленді

Спорттық гимнастикадан Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

🥇Нариман Құрбанов — 15.433 ұпай
🥈Ахмад Әбу Әл Соуд — 15.300 ұпай
🥉Вунг Хур — 15.300 ұпай

Бұл жерлесіміздің алғашқы чемпиондық атағы емес. Өткен жылы Нариман Құрбанов Әзербайжан және Қатардағы әлем кубогының кезеңінде де қарсыластарынан озып кеткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz/Сабиров Сали
Өзгелердің жаңалығы