Қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды

Оқ атудан Қазақстан құрамасы рейтингтік Әлем кубогінде командалық бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 МСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  Индонезия астанасы Джакартада өткен жарыста ел намысын 15 спортшы қорғады. Отандық спортшылар 11 медаль (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Жалпы әлемдік додаға 32 елден 350 спортшы қатысты. 

Чемпиондық атаққа Никита Чирюкин мен Арина Алтухова және құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева өнер көрсеткен әйелдер құрамасы ие болды. 

Айта кетейік, Индонезиядағы Әлем кубогі рейтингтік жарыс болғандықтан, оның қорытындысы бойынша ұпайлар үлестіріліп, командалар ISSF кестесінде көтеріледі. Демек, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының лицензияларын иеленуге иеленуге мүмкіндік беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: МСМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы