Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында ұсталды

Пауэрлифтингтен ел намысын қорғап жүрген 19 жастағы Сергей Веселов Сауд Арабиясында ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сергей Веселовтың әкесінің айтуынша, ұлы 19 маусым күні Астанадан Стамбулға демалуға ұшып кеткен. Сол күннен бастап бір апта бойы Сергей туыстарымен байланыста болған, кейіннен хабарсыз кеткен. Іздеуді бастаған әкесі ұлының Медина қаласында екенін анықтаған. Оның не себепті бұл қалаға барғаны отбасыға беймәлім.

Қазіргі уақытта оның тірі екенін білдік. Тергеуде отыр. Бірақ қай бөлімде және қандай баппен айыпталып отырғанын бізге айтпай отыр. Консул уақыт қажет екенін жеткізді. Консулдың айтуынша, ұлым Сауд Арабиясының Медина қаласында, - деді әкесі.

Сыртқы істер министрлігі де бұл жағдайға байланысты пікір білдірді.

Құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған. Қазіргі уақытта ол Медина қаласында. Әзірге оған айып тағылған жоқ. Жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз,-деді СІМ.

19 жастағы Сергей Веселов пауэрлифтингтен бірнеше мәрте Шығыс Қазақстан облысының чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері және Азия чемпионы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: әлеуметтік желі
Өзгелердің жаңалығы