Қазақстандық спортшы ММА бойынша Азия чемпионатында керемет апсет жасады

27-30 қазан аралығында Тәжікістан астанасы Душанбе қаласында ММА бойынша Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық Біріккен ММА федерациясының баспасөз-қызметінің мәлімдеуәнше,  Азия біріншілігіне 18 елден келген 200 шақты спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның атынан ММА бойынша ұлтық құрамасының 37 спортшысы қатысып жатыр.

Жартылай финалға шығу үшін 20 қазақстандық бақ сынаса, оның 13-і жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.

Ересектер арасында 52,2 келіге дейінгі салмақта Ерұлан Қабдулов пен Руслан Абдрахманов төрешілердің шешімімен өзбекстандық Одил Сайфиддинов пен бахрейндік Хасан Абдулладан басым түсті. Осы салмақта жастар арасында Дархан Исмағұлов Ауғанстаннан келген Рустам Хан Абдурахмонды «гильотина» қылқындыру әдісімен жеңді. Осы салмақтағы жастар құрамасының екінші белдесушісі Айдос Жаңабайды өзбекстандық Ходжиакбар Камоловтан төрешілердің шешімімен ұтылды.

Ересектер арасында 56,7 келіге дейінгі салмақта қазақстандық екі спортшы да тартысты айқаста төрешінің шешімімен жеңіліп қалды. Әліби Теміртасов бахрейндік спортшы Магомед Шейховқа, ал Джавохир Абдраубов тәжікстандық Мухаммад Салохиддиновке есе жіберді. Жастар арасында дәл осындай салмақта Оңғар Смағұл ауғандық Хамид Уахиди төрешінің шешімімен ұтса, Ерсұлтан Шәкенбай үндістандық Анкит Яламанчилиді «армбар» ауырту әдісі арқылы жеңді.

Жастар арасында 61,2 келіге дейінгі салмақта Шыңғыс Ыдырысов тәжікстандық Джовидон Бердиевті жеңді. Осы салмақтағы ересектер арасында Зохраб Велиев тәжікстандық Шоймар Абдулназаровтан жеңіліп қалды. Салауат Қаби пәкістандық Хамза Аязды техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңді.

Жастар арасында 65,8 келіге дейінгі салмақта Самғат Шабдан тәжікстандық Некруз Якубовтан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Абай Жалал иорданиялық Заки Каялиден жеңіліс тапты. Бұл салмақтағы ересектер арасында Дастан Мәлік өзбекстандық Зафар Рашидовтан ұтылды.

70 келіге дейінгі салмақта Белгібай Әділбек тәжікстандық Джамшед Юсуповты бірауыздан ұтты.

Ең көп күткен 77,1 келіге дейінгі жасөспірімдер арасындағы жекпе-жек Даниил Губин мен осы дивизиондағы ең мықты жауынгер, Бахрейн атынан шыққан Гимбат Магомедов арасында өтті. Кездесудегі айқын фаворит Магомедов болды. Бірақ сарапшылардың болжамына қарамастан, Губин апсет жасап, бахрейндікті «үшбұрыш» қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңе алды. Ол нағыз триумф болды және жарыс күнінің үздік мәрелерінің ТОП-5-іне енді.

Ересектер арасында дәл осы салмақта Дмитрий Ярков салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әуесқой арасындағы үздік жауынгер мен қазіргі әлем чемпионы Бахрейн атынан өнер көрестіп жатқан Рамазан Гитиновпен кездесті. Дмитрий бірінші раундта қарсыласына қысым жасағанымен, Гитинов мықтырақ болып шықты. Досжан Кенжебаев Бахрейннің тағы бір спортшысы Абдулрахман Мұхамедтен толық басым түсті. Бахрейндікті техникалық нокауттан гонг қана құтқарды. Төрешілердің шешімі қазақстандықтың тарапына біржақты болды.

83,9 келіге дейінгі орта салмақта Жақсыбек Аймаханов мықты тәжікстандық Халид Толибзоданы төрешілердің шешімімен ұтты.

93 келіге дейінгі салмақта Вахид Тимербиев тәжікстандық спортшы Анвар Лангарчиевтің «кимура» ауырту әдісіне түсіп, жеңіліске ұшырады. Алик Домнич Қазақстан құрамасы үшін екінші жарыс күнінің соңғы белдесуде тәжікстандық Саидахмад Олимовты техникалық нокаутпен жеңді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы