26 Шілде 2026, 20:16
Фото: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Германиядағы жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Артем Матусевич жеңіл салмақта қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық Артем Матусевич Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды.
Отандасымыз жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сында үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды. Ол жарыс қашықтығын 7:01.56 нәтижесімен аяқтады.
Алтын медальді португалиялық Жоао Велосо иеленді. Ол мәреге 6:59.96 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті. Күміс жүлде 7:00.62 нәтижесімен мәреге келген грек спортшысы Ангелос Каудиске бұйырды.