Бүгiн 2026, 14:46
Фото: ҰОК
Қазақстандық спортшы Әлем кубогінің суперфиналында қола жүлде жеңіп алды
Виктор Друзин әртістік жүзуден техникалық бағдарламада үздік үштікке енді.
Канададағы Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогының суперфиналында Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин жүлдегерлер қатарына енді.
Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы техникалық бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша қола медаль жеңіп алды. Төрешілер оның өнерін 235,4583 ұпаймен бағалады.
Алтын жүлде 249,2033 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблинге бұйырды. Күміс медальді 245,6576 ұпаймен Қытай спортшысы Муе Го иеленді.
Виктор Друзиннің қола жүлдесі Қазақстан құрамасының халықаралық аренадағы кезекті жетістігіне айналып, отандық әртістік жүзу мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.