+19

Қазақстандық сноубордшы Қырғызстанда қаза тапты

Қазақстандық сноубордшы Қырғызстанда қаза тапты

Қазақстандық турист Қырғызстандағы "Каракол" тау-шаңғы базасында қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ыстықкөл облыстық ІІБ мәліметінше, оқиға 27 ақпанда тау-шаңғы трассасында болған. Полицияға жазатайым оқиға туралы хабар түскеннен кейін, жедел-тергеу тобы оқиға орнына келген. 

Тергеу барысында 43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанау кезінде өзінің досымен соқтығысқаны анықталды. Ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Факт Ақ-Суу ауданы ІІБ ақпаратты есепке алу журналында тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы