Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем кубогында үздік үштікке енді
Қазақстан ерлер құрамасы шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Монреаль қаласында (Канада) шорт-тректен өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы 5000 метр қашықтыққа жүгіруден 7:05, 352 уақыт көрсеткішімен мәреге үшінші болып жетті.
Бұл жарыста 14 елден 168 қатысушы сынға түскен болатын.
Нәтижесінде алтын жүлде Қытай құрамасына бұйырса, күмісті Канада спортшылары еншіледі. Ал үздік үштікті Қазақстан командасы түйіндеді.
Аталмыш бәсекеде еліміздің намысын Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев қорғады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шахтадағы апат: Си Цзиньпин қазақстандықтарға көңіл айтты
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары 5 автокөлікті өрттен корғап қалды
Өзгелердің жаңалығы