Қазақстандық шекарашылар бір айда 4 мыңнан астам шетелдікті ұстаған

Қазақстандық шекарашылар қазан айында 4 мыңнан астам шетелдікті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір айда Қазақстан заңнамасын бұзған 4 743 адам ұсталды, оның 4 077-сі – шетел азаматы.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізу бойынша жалпы 1 708 факт анықталды.

Шекарадан алып өтпек болған оқ-дәрілер: 2 дана жауынгерлік, 3 дана жарақат, 258 дана суық қару және 13 дана оқтауға жарамсыз оқ дәрілер. "АК-74" автоматтары, 36 дана оқ-дәрі және 2800 дана атыс қаруының жинақтауыштары бар, - деп хабарлады шекара қызметі.

Сондай-ақ шекарада анықталған басқа да заңбұзушылықтар:

жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;

4,2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

2,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Броконьерлік бойынша 106 факт тіркелді. 24 дана жүзу құралы мен жалпы ұзындығы 136 км аса тор тәркіленді. Шамамен 2 900 кг бекіре балықтарының түрлері, қызыл кітапқа енген итбалықтар алынды. Залал сомасы шамамен 1,1 млрд теңге, - дейді шекара қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК шекара қызметі
Өзгелердің жаңалығы