15 Ақпан 2026, 19:49 Фото: ҰОК

Қазақстандық шаңғышы Илья Мизерных Олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті

Осы спорт түріндегі қазақстандықтар үшін Олимпиада тарихындағы ең үздік көрсеткіш тіркелді.

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Илья Мизерных жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Спортшы сегізінші орын алып, бұл – осы спорт түрінде қазақстандықтар үшін Олимпиада тарихындағы ең үздік көрсеткіш болып тіркелді. 

Жарыстан кейін Мизерных секірулеріне көңілі толатынын, сонымен қатар, жүлде үшін таласуға мүмкіндік болғанын атап өтті. 

Сенім бұрыннан бар еді. Қазір осындай секірулерден кейін сәл босаңсыдым. Әрине, медаль үшін күрескім келді. Бірақ қалай бар, солай өнер көрсеттім. Біздің спортта атақ-дәреженің, жастың аса маңызы жоқ. Ең бастысы - тәжірибе. Тәжірибелі спортшыға мұндай психологиялық қысымда өнер көрсету әлдеқайда жеңіл. Жас маңызды рөл атқармайды. Өз мысалымды айтайын: мен әлі жасөспіріммін, бірақ 30-дан асқан спортшыларды артта қалдырдым. Бүгін үшінші орын алған Польша спортшысы да менімен құрдас - 19 жаста. Дегенмен, иә, өзіме деген сенімім артты. Енді әлдеқайда салмақты түрде секіретін боламын. Бәрі енді басталып жатыр, - деп ағынан жарылды спортшы.