Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада үздік үштікте келеді
Қазақстан әйелдер құрамасы Моңғолиямен тең түсті
Самарқандта өтіп жатқан шахматтан 46-шы Олимпиаданың тоғызыншы турында Қазақстан әйелдер құрамасы Моңғолиямен тең түсті. Моңғолия бұл турнирдің басты сенсацияларының біріне айналып отыр. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алдымен үшінші тақтада Меруерт Камалиденова қарсыласына есе жіберді. Кейін Бибісара Асаубаева есепті теңестірді. Одан соң Зарина Нұрғалиева тәжірибелі 38 жастағы Батхуягийн Монгонтуулды жеңе алмады. Кездесудің тағдырын екінші тақтадағы шешуші партия анықтады. Онда Алуа Нұрман ойын соңында басымдыққа ие болып, партияны өз пайдасына аяқтады. Қорытынды есеп – 2:2.
Әйелдер арасындағы турнирдегі көшбасшылар:
- Қытай – 17 ұпай (8 жеңіс, 1 тең ойын)
- Үндістан – 15 ұпай (7 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліс)
- Қазақстан – 15 ұпай (6 жеңіс, 3 тең ойын)
- Моңғолия – 15 ұпай (7 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліс)
Алты команда 14 ұпайдан жинаған.
Ерлер арасындағы турнирде Өзбекстан қайтадан бірінші орынға шықты. Өзбекстанның екінші құрамасы да көшбасшылардың үштігіне енді.
Қазақстан құрамасы Олимпиада басталар алдында рейтингте 15-орында тұрған Польшамен тең ойнады.
Ерлер арасындағы көшбасшылар:
- Өзбекстан – 16 ұпай (8 жеңіс, 1 жеңіліс)
- Үндістан – 15 ұпай
- Өзбекстан-2 – 15 ұпай
- Армения – 15 ұпай
Алты команда 14 ұпайдан жинаған.
Қазақстан – 33-орын, 12 ұпай.
26 қыркүйекте 10-турдың партиялары өтеді. 11 турдан тұратын турнир 27 қыркүйекте аяқталады.